11.01.2017, 12:07
Оқылды: 19

19 жоба мақұлданды

zelenov-bjk  Былтыр Зеленов ауданында 5,8 млн. теңгенің 19 жобасы келісілді. Соның ішінде 869,7 млн. теңгеге бөлшектік кепілдікпен 11 жоба.  2 млн. теңгеге 2 грант ие болды.

  Шағын және орта бизнес субъектілерін өңірлік қаржыландыру аясында 2016 жылға экономиканың шикізаттық емес саласындағы кәсіпкерліктің тұрақты және теңдестірілген өсуі үшін облыстық бюджет және «Даму» қорынан 1 млрд.теңге бөлінді.  Жалпы сомасы 450 млн. теңге құрайтын 5 жобаға өтінім берілді.


  Бүгінгі күнге индустрияландыру картасына ену мүмкіндігі бар 4 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар:

  - Рубежин ауылдық округінде «134» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы, өндірістік қуаттылығы жылына 30,0 млн. кірпіш. Жоба құны 1,0 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны 30 адам. 2017 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

  -Макаров ауылдық округінде жеке кәсіпкер «Жапбаркулов Ж» кірпіш зауытының құрылысы, өндірістік қуаттылығы жылына 15,0 млн. кірпіш. Жоба құны 720 мыңАҚШ доллары, жұмыс орындарының саны 30 адам. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында  аяқтау жоспарлануда.

  - Щапов ауылдық округінде «Жаик Агро ЛТД» ЖШС құс фабрикасының құрылысы,  өндірістік қуаттылығы жылына 6000 тоннақұс еті. Жоба құны 4,1млрд. теңге, 200 жаңа жұмыс орны ашылады. 2017 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

  - Белес ауылдық округінде  «Жайық Петролеум ЛТД» ЖШС көмірсутек шикізатын өңдеу және сақтау бойынша кешен құрылысы, 180 жаңа жұмыс орны, жоба құны 5,5 млрд. теңге. Іске қосу мерзімі 2018 жылға жоспарлануда.

Зеленов аудандық

 «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газеті

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале