13.09.2017, 12:14
Оқылды: 26

1937 жылы туғандар тыл еңбеккері тізіміне қосылды

Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Ләззат Абдолованың мәліметіне сәйкес, жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауда көрсетілетін мемлекеттік қызметке сай 1055 адамға 22710,5 мың теңге материалдық көмек жасалған.

Бүгінгі таңда бұл көмекті тұтынушылардың басым бөлігі мүгедектер мен онкологиялық ауруға шалдыққандар болып саналады.

-Соның ішінде 483 мүгедек болса, 81-і онкологиялық сырқатпен ауыратындар. Мұның өзі дабыл қағарлық жағдай. Сонымен қатар жақсы жаңалығымыз да бар. Мәселен, тыл еңбеккері статусын беру бұрын 1936 жылы дүниеге келгендермен шектелсе, енді 1937 жылы дүниеге келгендер тізімге енгізілді. Олар алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына, сосын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп өтініштерін бере алады, - деді Ләззат Абдолова.

                                                                                                    Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале