9.06.2019, 18:25
Оқылды: 199

Дарияндықтардың да қатысу белсенділігі жоғары

Дариян ауылындағы тілшіміз Гүлжан Серікқызының хабарлауынша, Президент сайлауын ұйымдастыруда Дариян ауылында 3 сайлау учаскесі жасақталған. Сайлау комиссиясының мәліметінше, 4264  сайлаушы тізімге алынған.

Baiterek (2)

Саяси науқанға дарияндықтардың да қатысу белсенділігі жоғары. Сайлау комиссиясының төрайымы Галина Оразаева сайлауға ертемен келген ауыл ақсақалы Асылбек Сұлтанғалиев пен зайыбы Шолпан Сұлтанғалиеваға   ризашылығын білдіріп, сыйлықтар тарту етті.

Baiterek (3)

- Ауыл көшесінен тұрғындардың мерекелік сипаттағы әрекеті көрініп-ақ тұр. Мұндай белсенділік – ел бірлігінің белгісі. Әр бастамаға жұмыла кететін ел берекелі істерімен көпке үлгі, - дейді №179 сайлау учаскесінің төрайымы Галина Оразаева.

Бәйтерек аудандық мәдени-демалыс орталығында орналасқан №155 сайлау учаскесіне келіп дауыс берген сайлаушы, денсаулық сақтау саласының ардагері, зейнеткер Рима Трупакова бүгінгі сайлау науқанына ерекше көңіл-күймен келді.

Baiterek (4)

- Көпұлтты Қазақстан мемлекеті үшін – бүгін маңызды күн. Еліміздің жылдан-жылға дамып, көркеюі мені де қуантады. Мен ел болашағын алға бастайтын, тәуелсіздікті нық ұстайтын түлғаға дауыс беріп шықтым. Елімізде бейбітшілік мәңгі болсын! – деді Р.Трупакова.

Ал аудан орталығындағы «Жеңіс» кинотеатрында орын тепкен сайлау учкаскесіне келген переметныйлық Жасұлан Алғазиевтің де ел-жұртқа деген тілегі орасан.

Baiterek (6)

- Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Халық өз таңдауын жасайды деген ойдамын. Бастысы, Қазақ елінде тұрақтылық, бейбітшілік берік орнаған. Мен де бүгін өз таңдауымды жасадым, - дейді Ж.Алғазиев.

- Бәйтерек ауданы бойынша аумақтық сайлау комиссиясы белсенді түрде талапқа сай жұмыс жүргізуде. Аудан бойынша құрылған 58 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда, - дейді Бәйтерек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Есбол Абдулов.

Ертай БИМҰХАНОВ

Суреттерді түсірген

Сәлім МӘМБЕТӘЛИЕВ

Бәйтерек ауданы

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале