21.02.2017, 18:31
Оқылды: 22

20 әкімшілік хаттама толтырылды

 

Жәнібек ауданында жол жүру қағидаларын бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.


- Аталған кезеңде аудандық маңызы бар автокөлік жолдарына патрульдеу ұйымдастырылып, нарядтардың тығыздылығы көбейтілді. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасына тартылған жеке құрамды бөліп-орналастыру жоспары дайындалып, жұмыстар атқарылды. Осы күндер аралығында АІІБ-нің қызметкерлерімен жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің түрлі баптары бойынша 20 әкімшілік хаттама толтырылды. Ішімдік ішкен мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 2 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, сот органына шешім қабылдау үшін жолданды,- дейді Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің мемлекеттік техникалық инспекторы, полиция аға лейтенанты Азамат Әшекенов.

 

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале