15.08.2016, 10:17
Оқылды: 24

23 мектепке видеобақылағыш орнатылды

Зеленов ауданында 46 күндізгі, 1 кешкі ауысымды, (оның ішінде 5 мектеп-балабақша, 35 шағын-орталық)  және 8 балабақша, 2 саз мектебі, тәрбие жұмысы орталығы, балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жұмыс жасайды.камераe

Ауданымыздағы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға  облыстық бюджеттен 19 млн 776 мың теңге бөлініпті. Оның 12 млн 148, 2 мың теңгесіне 23 білім ошағына видеобақылағыш орнатылған. Ал, қалған қаражатқа орнатылған мектептерге толықтыру және басқа да мектептерге бақылағыштар қойылмақ. Мұнымен қоса су жаңа 117 компьютер сатып алынатын болады.

Д.Дербісәлі

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале