18.07.2017, 10:29
Оқылды: 21

2345 бала жазғы демалыспен қамтылады

Жәнібек ауданында биыл оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен  бөлінген қаражат 3 миллион 7 мың, соның ішінде, жалпыға бірдей міндетті орта білім қорынан қарастырылған қаражат 1миллион 300 мың теңге болса, аудандық «Балдәурен» лагеріне бөлінген қаражат 1 миллион 707 мың теңге құрайды. 


Аудан бойынша 2016  жылы  1-10 сынып аралығында 2406 оқушы 100 пайыз жазғы демалыспен қамтылса,  үстіміздегі жылы 1-10 сынып аралығындағы  2345  оқушы  100 пайыз жазғы демалыспен қамтылады деп жоспарлануда. Лагерде демалушылардың қатарында аз қамтылған отбасынан 633, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  10 және даму мүмкіндігі шектеулі 120 бала қамтылады.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Миранбек Ибатовтың айтуына қарағанда  биыл аудан бойынша Италия еліндегі «Чезенатико» лагеріне 2 оқушы жолданған. Сондай-ақ мектеп жанынан  тамақ ұйымдастырылған 12 лагерьде  1300 оқушы қамтылған болса, 12 тамақтанусыз бағдарлы лагерьлерге (информатика, ағылшын, математика пәндерінен)  550 оқушы және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіндегі 20 бала тамақтанусыз лагерьге тартылған. Облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығында 45, облыстық «Самал» жазғы демалыс лагерінде 10, аудан орталығындағы “Балдәурен” туристік-өлкетану лагерінде алты ауысымда 240 оқушы демалады. Сол сияқты  мектептен тыс жұмыстар орталығының ұйымдастыруымен  алты кезеңде 120  және 6 мектеп жанынан 260 оқушыға арналған шатырлы лагерьлер  ұйымдастырылған. Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасына сәйкес жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы лагерьлерде  жазғы тіл мектебі ұйымдастырылып, жүргізілуде.

-Бұл күндері Астана қаласында өткізіліп жатқан ЭКСПО – 2017 мамандандырылған көрмесін ата-аналар мен демеушілер есебінен аудан мектептеріндегі 79 оқушы тамашалап келсе,  18-24 шілде аралығында жаппай білім беру қорынан 97 оқушы, ал 27-30 шілде аралығында Аджип Қарашығанақ компаниясы арқылы 4 оқушы жолданады. Сонымен қатар балалардың жазғы демалысы кезінде көршілес Бөкей Ордасындағы тарихи орындарды аралауға 350 оқушы және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінен 12 даму мүмкіндігі шектеулі бала тартылмақ. Ал көршілес Ресейдің Волгоград қаласына 60 оқушы  саяхатқа  барады  деп жоспарлануда,-дейді аталған бөлім басшысы өз сөзінде.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале