9.08.2017, 15:26
Оқылды: 22

241 үй ауыз су жүйесіне қосылады  

 

Сырым ауданы Жосалы ауылдық округі үшін ауыз су мәселесі алдағы уақытта түбегейлі шешіледі. Күні бүгін округтегі Қоңыр және Тамды ауылдары орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылуға дайындалып жатыр. Бұл жобаның құны 191 млн теңге деп есептелген.


Жауапты мердігер «Жайықгазсуқұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарға сәуір айының соңында кіріскен. Серіктестіктің директоры Абылай Бақтығалиевтің айтуынша, жоспарланған жұмыс 85 пайызға орындалыпты. Қыркүйек айының бірінші онкүндігінде аяқталмақ. Бәрі сәтімен болса, ұзындығы 15 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры арқылы Қоңыр және Тамды ауылдары бойынша 241 үй орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады. Су жүйесінің ұңғымалардағы су қоры жақсы.

Кеше аудан әкімі Төлеген Төреғалиев ауылдық округ әкімі Қобыланды Ғабдешов және «Сырым» МКҚК мекемесінің директоры Руслан Тасқалиевпен бірге Қоңыр және Тамды ауылдарындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале