15.11.2016, 17:47
Оқылды: 22

25 жылдыққа 25 жұлдызды күн

????????????????????????????????????

  Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі А.Шыныбековтың төрағалық етуімен барлық мекеме, кәсіпорын басшылары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен  кеңейтілген лездемелік жиын өтті.

  Жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Мейірбандық айлығының» есебі бойынша аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» басшысы А.Баяндықов баяндама жасады.


  Бөлім басшысы А.Баяндықовтың айтуынша қайырымдылық айлығында көмекке мұқтаж жандарды қолдауда жалпы аудан бойынша барлығы – 767 адамға 3 663 800 теңгенің қайырымдылық көмектері көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 168 200 теңгеге артқан. Сонымен қатар барлық мекеме басшылары бірігіп 300 000 теңге көлемінде қаржы жинап, Жымпиты ауылының тұрғыны Нұрлан Баймуратовтың үйін 270 000 теңгеге көгілдір отын жүйесіне қосқан.Жинақтан қалған 30 000 теңге «БҚО ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі Сырым аудандық филиалының қорына аударылатынын мәлімдеді.

  Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Исанов баяндама жасап,  21 қараша және 15 желтоқсан аралығын қамтитын «25 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН» аудан орталығында және барлық елді мекендерде өтетін Тәуелсіздікке арналған шаралардың жоспары жасақталғанын және 2017 жылдың І жартыжылдығына баспасөзге жазылу науқаны басталғанын мәлімдеді.

  Жиынды аудан әкімі А.Шыныбеков қорытындылады.

Үміт Жәңгірова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале