14.10.2016, 11:33
Оқылды: 19

25 түп алма ағашын отырғызды

25-%d1%82%d2%af%d0%bf-%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0-%d0%b0%d2%93%d0%b0%d1%88%d1%8b%d0%bd-%d0%be%d1%82%d1%8b%d1%80%d2%93%d1%8b%d0%b7%d0%b4%d1%8b13 қазан күні Қаратөбе ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 игі іс» акциясы аясында аудан орталығында алма ағаштары отырғызылды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған игі шараға аудан әкімі Асхат Шахаров арнайы қатысты.

Аудан орталығын абаттандыру мақсатын көздеген шараға ауданның белсенді жастары ұймшылдықпен атсалысты.

Тәуелсіздікке арналған жеміс ағашын отырғызу шарасының соңында аудан әкімі Асхат Берлешұлы мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрхад Оңалбайұлы тәуелсіздіктің мерейтойына орай алма ағаштарын барлық ауылдық округтерде отырғызу эстафетасын Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қажыгерейұлы мен «Мұхит жастары» ЖҚБ-нің жетекшісі Мерей Амангелдиевке табыс етті.

Серікбай ХАСАНОВ

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале