16.02.2017, 14:49
Оқылды: 21

27 адам қар құрсауынан шығарылды

Бұл туралы Қазталов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Абай Насипов мәлімдеді.


- Енді алдымызда келе жатқан көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізу басты міндет болып отыр. Бұл орайда бірінші кезекте қар суынан болатын апаттық жағдайлардың алдын алу қажет. Осы мақсатта округ орталықтарындағы қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс қазіргі күнде Қазталов және Жалпақтал ауылдарында қарқын алуда.

Биылғы жылы көктемгі су тасқынының алдын алу үшін алдын ала 16 мың дана қапшық, 6200 литр АИ-93, 9323 литр дизелдік жану-жағармай алулы тұрса, қосымша қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыстар берілуде, - деді ол.

Гауһар ӘДІЛЖАН

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале