2.08.2017, 11:49
Оқылды: 25

281 бас мал сатып алынды

Бүгінгі таңда Жәнібек ауданында 10 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылды.


Соның ішінде екеуі мал бордақылау, қалған 8-і тұқымдық түрлендіру бағытында жұмыс істейді. Сол тұқымдық түрлендіру бағытындағы 5 кооператив шаруашылыққа қажетті 5927 гектар жер телімін сұраса, қазір олардың құжаттары рәсімделуде. Бұл 5 кооперативте  41 асыл тұқымды бұқа мен 660 бас аналығы тіркелген. Мал бордақылау бағытындағы кооперативтерді қаржыландыру мақсатында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы арқылы аудандағы 50 аулаға «Береке» несие бағдарламасы бойынша 1231 бас бойдақ мал сатып алу жоспарланған. Бұл малды бордақылауға 225 миллион теңге несие бөлінген.  Соның күні бүгін 53 миллион 450 мың теңгесі игеріліп, 281 бас мал сатып алынды.

 Н.Өтей

Жәнібек ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале