8.08.2016, 12:14
Оқылды: 17

Жәнібектіктер «Тәуелсіздікке тарту» атты концерттік бағдарламаны тамашалады

Таловтықтардың Тәуелсіздікке тартуыЖәнібек ауылының тұрғындары мен қонақтары аудандық мәдениет және демалыс саябағында таловтық көркемөнерпаздардың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» атты концерттік бағдарламасын тамашалады.


Алдымен саябаққа келушілер таловтықтардың көпшілікке ұсынған шағын көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды. Мұнда он саусағынан өнері тамған ісмер әжелердің шебер қолдарынан шыққан түрлі шілтерлер мен тоқыма бұйымдары, сондай-ақ мектеп оқушылары жасаған туындылар көрермендердің назарына ұсынылды.

«Ауылым» әні орындалғаннан кейін, сахнаға анамен бірге әр ұлттың киімін киген балалар шығып, Тәуелсіздік біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз екенін, бірлігіміз бен жасампаз қайратымыз, тұрақтылықты сақтауға ұмтылысымыз, ұлттар арасындағы келісім мен бейбітшілік еліміздің гүлденуі мен бақуаттылығының кепілі екендігін толғана жеткізді.

Ауылдық округ әкімі Марат Мұхамбетжанов құттықтау сөз сөйледі.

Мұрат Шайбалиұлы «Казахстан я живу», Жасөмір Тельманұлы «Жаса, Қазақстан!» дуэт «Алматының түндері-ай», Ізбасар Асқарұлы «Қазақстан» әндерін орындап, балғын биші қыздар «Қазақ», «Үнді», «Жастар», тағы басқа билерді сәмбі талдай майыса билеп көрермендердің орынды қошеметіне бөленді. Нұртілеу Сидағалиев «Тәуелсіздікке арнау» өлеңін мәнерлеп оқып тыңдармандарын бір тебірентті. Концерт барысында шаңырақ құрғалы жатырған жас отау иелеріне жақсы тілек айтылып, дәмнен, әннен шашу шашылды. Кеш шымылдығы трионың орындауында «Қазақтай ел қайда» әнімен жабылды.

www.zhaikpress.kz

Асқар Құсайнов

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале