19.09.2017, 16:37
Оқылды: 14

34 тұрғын бруцеллезге шалдықты

 

Ақжайық ауданындағы өзекті мәселенің бірі – бруцеллез ауруы. Кеселмен күресте өткен жылғымен салыстырғанда біраз ілгерілеушілік бар. Бұл туралы брифингте аудан әкімі Әділ Жоламанов мәлім етті.


Атап айтқанда, ауру деңгейі ірі қарада 26 пайызға, ұсақ малда екі есеге азайған. Әйтсе де, аурудың малдан адамға жұғуы жиілеп барады.

-Бруцеллезге шалдыққандар саны былтыр 16 болса, биыл 34-ке жетіп отыр. Өкінішке орай, науқастандардың арасында мектеп жасындағы балалар да бар. Дені ересек адамдар. Тұрғындармен, мектеп оқушыларымен кездесулерде балаларды қораға жақындатпау туралы, сақтық шараларын қатаң ұстану жайлы айтып жүрміз. Профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады,-дейді аудан әкімі.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале