28.12.2016, 18:15
Оқылды: 15

Озат орталыққа – «темір тұлпар»

????????????????????????????????????

  Тәжірибелі педагог Максим Үмбеталиев басқарған Ақжайық ауданының туризм және экология орталығы су жаңа «УАЗ» автокөлігі берілді.

  Жергілікті қазынадан бөлінген қаражатқа алынған «темір тұлпардың» кілтін орталыққа тапсырған аудан әкімі Әділ Жоламанов бұл мекеме оқытушыларына, шәкірттеріне толымды табыстар тіледі.


  Ұл-қызға саналы тәрбие мен сапалы білім берудегі ілгері істері уақыт өткен сайын қанаттанған бұл орталықтың облысымыздың осындай мекемелер арасында дүркін-дүркін алдыңғы орыннан көрініп жүргендігін айтып өткен абзал.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале