11.01.2017, 12:12
Оқылды: 19

Тауық жылында жоспар көп

zelenov-tauik-jilinda-jospar-kop   Зеленов өңірі үшін мешін жылы мерейлі жыл болды. Ал тауық жылында жүзеге асатын жоспарымыз да жоқ емес. Соның бірі – 300 орындық Дариян қазақ жалпы орта білім беретін мектебі ғимаратының құрылысы.  Құрылыс құны жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес 1,1 млрд. теңге құрайды,  республикалық бюджет есебінен құрылысты бастауға 401,4 млн.теңге бөлінді.

    Дариян ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу, жобалық-сметалық құжаттама жасалды, күрделі жөндеу құны 214,7 млн. теңге.


   Келесі күрделі жөндеулер жүргізуге және қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда: Батурин, Камен және Зеленый жалпы орта білім беретін мектептері, жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға аудандық бюджетен 6,4 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.

     Переметный ауылында жалпы сомасы 661,9 млн.теңгеге, Дариян ауылында жалпы сомасы 217,2 млн.теңгеге ауылішілік жолдарды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасақталды.

      Ақжол ауылындағы ауылішілік су құбырының құрылысы және Володар ауылындағы су құбырын жаңартуға республикалық бюджеттен 100 млн.теңге бөлінді, сондай-ақ Павлов және Дариян ауылдарына облыстық бюджеттен 111,6 млн.теңге бөлінді.

  Владимировка, Кіші Шаған, Мирный, Кирсанов ауылдарын газдандыруға техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 6 млн.теңге бөлінді.

     Факел ауылын газдандыру жұмысының жоба-сметалық құжаттамасын дайындауға  аудандық бюджеттен 4 млн.теңге бөлінді.

      Аудан елді мекендерінің көшелерін жарықтандыруға 73,1 млн.теңге бөлінді.

   Переметный ауылында сауықтыру кешенінің құрылысын бастауға жергілікті бюджеттен 73 млн.теңге бөлінді.

   Көшім және Щапов ауылдарында су құбырлары желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

  Жеке мемлекеттік серіктестік арқылы Достық ауылында жеке кәсіпкер «Туралиева А.С» болашақта ұлғайту мақсатымен сыйымдылығы ауысымына 100 орындық балабақша құрылысы жоспарланған.

 

Зеленов аудандық

 «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газеті

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале