11.01.2017, 12:43
Оқылды: 25

65 балаға арналған «Күншуақ» балабақшасы есігін айқара ашты

zelenov-balabaksha-esigin-ashti  Зеленов аудандық білім беру жүйесін 46 күндізгі мектеп құрайды, соның ішінде 30 орта, 9 негізгі және 7 бастауыш. Оқушылар саны 7786 құрайды. Екі музыкалық мектеп, тәрбие жұмысының орталығы, балалар туризмі және экология орталығы, 48 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді.

  Зеленов ауданында 1 - 5 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу қамту 63,3%  құрайды. Мектепалды дайындықпен 5-6 жастағы 893 бала (2015 жылы – 863 бала) қамтылған.


  Бірінші рет Трекин ауылында 65 балаға арналған «Күншуақ» балабақшасы ресми тіркеліп, жұмыс істеуде.

  Мектеп және балабақшаларды бейнебақылау камераларымен жабдықтау үшін «Қауіпсіз мектеп» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатынан 473 бейнекамера алынды, 28 мектепте және мектеп жанындағы интернаттарда, 29 балабақшада 444 камера орнатылды. Красный Урал ауылынан Чувашин мектебіне оқушыларды күнделікті тасымалдау үшін УАЗ маркалы жаңа автокөлігі алынды. Қазіргі уақытта Чувашин, Макаров, Көшім және Первосовет жалпы орта білім беретін мектептеріне УАЗ маркалы 3 автокөлік және  1 Газель маркалы микроавтобус сатып алынды.

  359 мектеп түлектерінің ішінде ҰБТ-ға 229 қатысты, аудан бойынша орташа балл 80,9 құрады. «Алтын белгі» иегері - бір түлек, 12 түлек үздік аттестат иегері болды.

  Оқушылардың жазғы демалыспен қамтылуы 100% құрады.

  2016 жылдың 1 қыркүйек күні мектеп парталарына 7786 оқушы отырды, соның ішінде 1 сыныптарға 953 оқушы, ал 11 сыныптарға  369 оқушы қабылданды. Кешкі мектепке 88 тыңдаушы қабылданды.

  Аудан мектептеріне 26 жас маман қабылданды. 693 мұғалім және әдіскерлер жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өтті.

  Озерное ауылында 48 орындық Киров негізгі мектебі ғимаратының құрылысы аяқталды.

  Жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 14,5 млн.теңгеге 4 мектепке ағымдық жөндеу жүргізілді (шатырларды ауыстыру, спорттық залды жөндеу, дәретханаларды жайластыру).

Зеленов аудандық «Ауыл тынысы»

қоғамдық-саяси газеті

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале