28.03.2017, 18:41
Оқылды: 52

393 отбасы көшуге қамданып отыр

Павел Бульдин  Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халеловтің айтуынша, Березов ауылының мәселесі басты назарда.


  - Жоспардың бірінші кезеңде 82 отбасы көшіріліп, олардың талап-тілектері орындалды. Бүгінде Березов, Бестау ауылдарындағы 393 отбасы аудан орталығына көшуге әзірленіп отыр. Аралтал ауылынан салынып жатқан 100 үйдің құрылысы мамыр айының аяғында аяқталады деп күтілуде. Осы шағын ауылда 300 орындық мектептің құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталып кетті. Бас мердігер  аталмыш нысанды 2017 жылдың тамыз айында тапсырылып, мектеп 1 қыркүйекте оқушыларды қабылдамақ.

 Ал «Қарашығанақ-1» шағынауданында салынып жатқан көп қабатты қос үйдің құрылысы шілде айының аяғында - тамыз айының басында тапсырылады деп жоспарлануда. Одан бөлек аталмыш шағынауданында 320 орындық балабақша құрылысы аяқталды. Бұл нысан 1 маусым күні пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Аралтал шағынауданы мен Ақсай қаласының тұрғындары үшін аудан орталығының солтүстік бөлігінде балабақша салу жоспарымызда бар» - дейді аудан әкімі Алдияр Халелов.

  Павел Бульдин, ауыл тұрғыны: «Әзірге ешқандай шағымым жоқ. Себебі аудан басшылары мен  ауыл тұрғындарының арасында байланыс бар. Комиссия үйлердің сапасын үнемі қадағалауда. Қандай да бір сұрақ туындаса, жазбаша түрде арыз жазамыз. Әрине, біздің арызымыз аяқсыз қалған емес. Себебі аудан әкімі Алдияр Халелов үнемі өз сөзінде тұрып, істі аяғына дейін жеткізеді. Осы жылдың қыркүйек айына дейін Ақсай қаласына көшеміз деген сенімдемін.

  Бөрлі аудандық педиатры Азиза Орасаеваның айтуынша, балалар Орынбор қаласындағы «Солнечная страна» және Ақжайық шипажайларына барып тынығып қайтқан.

  Көпшілік пікірінше, ҚПО б.в. компаниясының қаржыландыруымен іске асып жатқан жұмыстар қарқынды. Жер аяғы кеңіп, оқу жылы аяқталған соң, қос ауыл тұрғындары Ақсай қаласында қоныс тойын тойламақ.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале