19.01.2017, 15:16
Оқылды: 52

Әкімге тілектерін жеткізді


Janakala el tilegi eskeriledi 02  Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдиновтің тұрғындармен есепті кездесуі Мәстексай ауылдық округінен басталды. Бұл күні аудан әкімі Жаңажол, Жаңақазан ауылдық округтерінде де болып, тұрғындармен жүздесті.


  Аудан әкімі Л.Хайретдинов ауданның өндірістік көрсеткіштерін облыстық көрсеткіштермен, окургтегі көрсеткіштерді аудандық нәтижелермен салыстыра отырып, қол жеткен жетістіктерді де, орын алған олқылықтарды көңілде күдік қалдырмайтындай саралап, әңгімелеп берді.

  Мәстексайлықтар су тазарту қондырғысын жөндеуді, жанып кеткен трансформаторды ауыстыруды сұрады. Айдархандықтар кітапханада жылу жүйесінің жоқтығын, жаңақазандықтар мектепке спорт құралдарын әперуді, әсіресе, қысқы спорт түрлерін дамытуды мәселе етіп ұсынды. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы тұрғындар тілегі ауданның іс-шаралар жоспарына енгізіліп, іске асатынын, оның орындалуы халыққа хабарланып отыратынын айтты.

Өмірзақ АҚБАСОВ

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале