25.01.2017, 18:52
Оқылды: 65

«Су бағасын арзандату үшін жұмыстанамыз»

????????????????????????????????????

   Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев Достық ауылы тұрғындары алдында есеп берді.

  Алдымен ауыл әкімі Әлібек Тәшімов округ бойынша атқарылған жұмыстар мен қолжеткен табыстарды тілге тиек етті. Округте көшелерге жарық орнату мәселесі шешілген. «Ендігі мақсат - мектепке дейінгі жолды жөндеп, оның бойын жарықтандыру» деді ауыл әкімі Әлібек Қазиханұлы.


  Баяндамалардан соң сөз алған ауыл тұрғындары С.Аманов пен Т.Сұлтановалар ауылдағы жарықтың жиі сөнетінін, боран күндері екі шақырым жолды қар басып қалатынын, сол себепті жолдың екі жағына тал егу жөнінде жұмыстану керектігін, жаз мезгілінде мал су ішетін бөгетті тереңдету, ауыл мен қала орталығына қатынайтын автобус шығару керектігін айтты.

  Аудан басшысы Достық ауылына дейінгі екі шақырым жолды жөндеуге көмектесетінін, алдағы жылдары республикалық бюджеттен ауылға дейінгі жолдарды жөндеуге қаражат бөлінетінін ашып айтты. Су бағасын арзандату бағытында да жұмыстанып жатқанын тілге тиек етті. «Егер Үкіметтен субсидия бөлінетін болса, су бағасы едәуір төмендейді» деді аудан әкімі өз сөзінде.

  Жиын барысында «Тасқала» шекара заставасының коменданты Б.Найманов тұрғындарға шекаралық аймақ жөнінде түсінік берсе, жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Кентоғаева кәсіпкерлікті дамыту бағытында Үкімет тарапынан берілетін  несиелердегі өзгерістерді баяндады. Жаңа жұмыс орындарын ашуға ниет білдірген адамдарға жұмыспен қамту орталығына не болмаса ауыл әкіміне ұсыныс түсіруге болатынын, сондай-ақ жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасуға ниет білдірген жастарға да қолдау білдіретіндігін айтты.

  Есептік жиыннан соң аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале