26.01.2017, 12:57
Оқылды: 18

Кинозал есігін айқара ашты

Terekti Kinozal  Теректі ауданында бос уақыттарын тиімді өткізіп, әдемі  демалысты құп көретін тұрғындар үшін кинозал ашылды. Нақтырақ, бұрын аудандық Мәдениет үйінің үлкен залында мерекелік бағдарламалармен қатар, демалыс күндері  теректіліктер үшін кино көрсетіліп келген еді.


 Жөндеуден өтіп, көз сүйсінер келбет иемденген Мәдениет үйінде енді кино көрсететін зал бөлек болмақ. Аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан  ашылған кинозал 20 орындық. Бүгінгі таңда келушілердің саны едәуір көбейіп келеді. Мәдени-демалыс орталығы директоры М.Жұбатовтың айтуынша,  кинозал көлемін көбейтіп, көрермен орындықтарының  санын арттыру жоспарда бар екен. Сонымен қатар, аудан әкімі М.Мұқаевтың қолдауымен  болашақта  3D форматта  кино көрсету  қолға алынбақ.

  Мәдениет саласындағы осындай игілікті істерді халық қолдап, есігін айқара ашқан жаңа кинозал әрдайым  көрерменге толы болады деген сенімдеміз.

Әділет ЗЕРЕ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале