8.01.2021, 20:51
Оқылды: 47

4 жаңа аурухана салынып, 50 медициналық кешендерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Өткен жылдың 25 желтоқсаны күні Ақжайық аудандық аурухана қызметкерлерімен облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер Мирболат Құрманғалиев пен Ақылбек Сағитов кездесті.

мед1

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы және ондағы медицина саласында орын алатын оң өзгерістер туралы соның ішінде, партияның қатысуымен өңірде 4 жаңа аурухана салып, 50 денсаулық сақтау кешендеріне қайта жөндеу құрылыстарының басталатындығы туралы айтылды.

мед2

Еске сала кетсек, «Nur Otan» партиясы өкілдері бұған дейін де аудан аумағындағы өңірлердің бәрін аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап қайтқан еді.

Соның нәтижесінде партияның сайлауалды бағдарламасы әзірленді.

мед4

Кездесуге қатысқан ақ халаттыларға аталмыш бағдарлама аясында Ақжайық ауданында атқарылатын оң өзгерістер туралы да айтылды.

Үміткерлер қазіргі пандемия кезінде талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып келген дәрігерлерге алғыстарын білдірді.

 

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының

сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале