14.06.2017, 17:48
Оқылды: 70

40 жыл жөндеу көрмеген балабақша жаңармақ

Kaztalovka ertegi balabakshasi   Соңғы жылдары Қазталов ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алып, ауылдар күннен-күнге көркейіп келеді. Осындай жақсы жаңалықтар Жалпақтал ауылында да көрініс табуда. Ауылға «Ақбұлақ» арқылы ауыз су тартылып жатыр. Кеңестік кезеңнен бері жөндеу көрмеген «Ертегі» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. Құрылысқа 76 млн. теңге жұмсалмақшы.


  1977 жылы салынғанынан бері жөндеу көрмеген “Ертегі” балабақшасы бүгінде түбегейлі жаңартылуда. Жергілікті азамат Серік Темірханов жетекшілік ететін мердігер «Жолаушы жол» ЖШС жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтаймыз деп отыр. Сондай-ақ осы балабақша жөндеуіне ауылдан 20 адам жұмысқа тартылған.

    Балабақша меңгерушісі Айгүл Кәрімованың қуанышында шек жоқ.

  -Балабақшада 140 бала тәрбиеленеді. 6 топ бар. Енді міне, балабақшамыз күрделі жөндеуден өтуде. Балдырғандарымыздың да қуанышында шек болмайтыны сөзсіз. Жаңа, жарық, әсем ғимаратта тәрбиеленетін бүлдіршіндердің болашақтары осындай жарқын боларына сенімдіміз, -дейді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале