9.03.2017, 11:33
Оқылды: 16

Анита Нагай ақжайықтықтармен жүздесті

Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов батысқазақстандық белгілі шорттрекші Анита Нагайды қабылдады.


Айта кетейік, Анита Артурқызы 1998 жылы туған. Оның ата-анасы бұрын Чапаев ауылында тұрған. Кездесуде аудан басшысы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде оқитын Анитаны өткен жылы Лиллехаммерде  өткен жасөспірімдердің қысқы олимпиадасы және биыл Алматыдағы Қысқы универсиаданың қола жүлделерін жеңім алуымен және жуырда ғана Жапонияда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері атануымен құттықтады.

Қабылдаудан соң М.Әуезов атындағы орта мектепте А.Нагаймен және оның ата-анасымен кездесу өтті.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале