11.04.2017, 13:35
Оқылды: 76

Жәнібектен 83 киіктің ұшасы табылды

Kyik     Жәнібек ауданына қарасты Борсы ауылдық округінде 83 киіктің ұшасы табылды.

     ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті облыстық инспекциясының басшысы Қайрат Қадешевтің айтуынша, «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі Орал филиалының қызметкерлері анықтағанындай, киіктер аурудан емес, көктемгі су тасқыны кезінде өлім-жітімге ұшыраған.


      Аналық киіктердің бәрі де Ащыөзек өзенінен табылды. Тексеру жұмыстары нәтижесінде оқ тиюден болған немесе басқа жарақаттардың орын алмағаны анықталды. Ветеринарлық талаптарды сақтай отырып, өлекселерді көму жұмыстары жүргізілді.

   Еске сала кетейік, облыс аумағында өткен жылы 70,2 мыңнан астам киік санаққа іліккен болатын, бұл республикадағы барлық киік санының 70 пайызын құрайды. «Биылғы киік санағы мамандардың қатысуымен бүгіннен басталды. Олардың қанша екендігін көп ұзамай білетін боламыз», деді Қ.Қадешев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале