11.04.2017, 13:56
Оқылды: 106

Мектепте ақша бопсалау деректері анықталды

Aksha bopsalau mektep 02   Жәнібек ауданы прокуратурасы барлық білім ордасы оқушылары арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде Т.Жароков, Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептерінде ақша бопсалау деректері анықталды.

       БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық пен өзіне-өзі қол жұмсауға дейінгі жағдайға жол бермеу үшін ақпараттық хат аудандық ішкі істер бөліміне жіберілген.


     Тексеру нәтижесінде Ғ.Абдуллин атындағы орта мектеп ғимаратында 7 оқушыға қатысты ақша бопсалау дерегі белгілі болып, жолы кесілген. Мұндай қадамға барған жасөспірім ақталмайтын негізде қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Есесіне оның ата-анасы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 127-бабына сәйкес әкімшілік жауапершілікке тартылды. Оған қоса аудан прокуратурасының ұсынысына сәйкес аталмыш мектептің директор бастаған алты бірдей педагогикалық қызметкеріне қатысты түрлі тәртіптік шара қолданылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале