24.04.2017, 11:14
Оқылды: 81

Қашан да қоғамның қолдауына зәру

????????????????????????????????????

  Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері Сырым ауданына саяхат жасады.

  Сырым елі ерекше ықыласпен қарсы алады. Балалар ауданның көрікті жерлерімен танысты. Дала кемеңгері Сырым Датұлы, ақиық ақын Қ.Мырзалиевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Сырым Датұлы және Алаш музейлерін аралап, еліміздің тарихымен танысты. Алаш саябағындада болды. Азаттықты аңсаған Ұлы даланың тарихи тұлғалары мен батыр ұлдарының, Алаш арыстарының өмірімен танысты.


 Келген қонақтарды Қ.Мырзалиев атындағы мектеп ұжымы да ерекше ықыласпен қарсы алды. Мектеп белсенділері қонақтарды мектеп тарихымен, жетістіктерімен таныстырып өтті.

  Түске таман Ж.Досмұхамедов атындағы балабақша кешенінің акт залында «Балалар мен жасөпірімдер шығармашылық» орталығының ұйымдастыруымен «Бақытты балалар – бақытты ел» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов құттықтау сөз сөйлеп, балаларға Қ.Мырзалиевтың өлеңдер жинағын сыйға тартты.

   Қазір балалар ауылында 86 бала тәрбиеленуде, оның 74-і жасөспірімдер. Өмір өлшемін мейірім мен тазалықтан іздейтін қоғамның әлсіз тобы қашанда қоғамның қолдауына зәру. Сондықтан оларға көмек қолын созудың маңызы зор.

Үміт Жәңгірова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале