11.05.2017, 17:12
Оқылды: 52

Туризмнің жай-күйі талқыланды

????????????????????????????????????

   Қаратөбе ауданында «Қаратөбе ауданында балалар мен жасөспірімдер туризмінің дамуы және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

     Шарада сөз алған аудан әкімі Асхат Шахаров дөңгелек үстелге қатысушы мектеп директорлары мен мектепке дейінгі шағын орталық басшыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында басымдық берілген «Туған жер» бағдарламасында нақты білім беру саласындағы ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектептерде туған жердің тарихын оқудан көрініс табатындығын атап өтті.


         Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының директоры Н.Меңдешов 2016-2017 жылғы атқарылған жұмыстар легін баяндады. Дөңгелек үстелге қатысушылар облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Виктор Фоминге сұрақтарын қойды.

         Жиын соңында аудан басшысы А.Шахаров облыстық орталық басшысы В.Фоминді мерейлі 60 жасымен құттықтап, шапан жауып, жергілікті шеберлердің қолынан шыққан туындыны тарту етті.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале