29.11.2017, 14:55
Оқылды: 27

450 тұрғыны бар ауылға су құбыры тартылды

Бөрлі ауданы Александровка ауылдық округіне «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында су құбыры тартылды.

- Құрылысты мамыр айында бастадық. Ауылішілік суды жеткізуші су құбырымен есептегенде трассасының ұзындығы 24 шақырымдай. Құрылыс мерзімі 6 айға есептеліп, уақытында халық игілігіне тапсырылды, - дейді «KazConstructionGroup» ЖШС директоры Мұратбек Мұхамбедиев.

Айта кетейік, жоба құны 172 млн теңгені құрайды. 450-дей тұрғын мекен еткен ауылдық округте 141 үй бар, соның 126 үйіне су таза ауыз су кірді.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале