31.05.2017, 16:40
Оқылды: 35

«Жайықтехсервистің» жетістігі

Akjayik jayik tehservis   Ақжайық ауданы әкімдігінің «Жайықтехсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2016 жылдың ауыз су жинау, өңдеу және орналастыру қызметтерінің қорытындылары бойынша коммуналдық қаржы-экономикалық рейтинг нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Кәсіпорынды дамыту динамикасы» және «Кәсіпорынның өсу қарқыны» аталымдары бойынша алтын рейтингке қол жеткізді.


  Осы кәсіпорын басшысы Әлжан Досмақов «Экономика мақтанышы» орденімен және «Индустрия көшбасшысы» сертификатымен марапатталды. Ал бас есепші-экономист Назгүл Ержанова «Қаржы-экономика саласындағы кәсіби біліктілігі» үшін медальмен марапатталды. Сондай-ақ есепші-кассир Айман Дәуленова «Жыл есепші» сертификатымен, кәсіпорынның Алғабас ауылындағы сорғы стансасының аға операторы Нұрлан Аймурзин «Жыл маманы» сертификатымен марапатталды.

      Бұл кәсіпорынның құрылғанына 14 жылға таяды. айталық, мысалы, былтыр оның жұмысшы-қызметкерлері аудан бойынша 138 үйге ауыз су өткізді. Ауданда биыл да таза ауыз су құбыры жеткізілетін елдімекендер аз емес. «Жайықтехсервис» ұжымы бұл орайда өздеріне жүктелген міндетті орындауда бай тәжірибе жинақтаған.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале