26.02.2020, 16:56
Оқылды: 58

46 мектепте «Адалдық» дүкендері ашылған

Бәйтерек  ауданы әкімдігінде «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында   жиын өтіп,  оған ауылдық округ әкімдері мен жекелеген бөлім басшылары қатысты.  

адалдық 1

- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі іске кірісті. Бұл жобаның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және мемлекеттік билік органдарына азаматтардың сенімін арттыру. Тағы бір бағыт – белсенді қоғам мүшелерін аталған процеске тарту. Осыған орай аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акциясы аясында ауылдық округтерде, түрлі  бөлімдер мен   мектептерде дөңгелек үстелдер және  «Жастарға кеңес!» жобасы бойынша көшпелі кеңес өткізілді. Ал 22 ауылдық округте сыбайлас жемқорлыққа қарсы баннерлер ілініп, оқушыларды саналылыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу мақсатында 46 мектепте «Адалдық» дүкендері ашылды, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Алма Төлепқалиева.

Алма Шапбазкерейқызының айтуынша аудан әкімінің қатысуымен жыл басынан бері 5 кездесу өткізілсе, 30-ға тарта адам өз жеке мәселелерімен  қабылдауда болған. Сондай-ақ, жиын барысында жекелеген ауылдық округтерде «Еріктілер жылы» аясындағы жұмыстар  әлі де қолға алынбай   отырғандығы сынға алынды.

                                                                           Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ

                                                                                       Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале