22.09.2017, 15:25
Оқылды: 26

47 шақырымды 4 сағатта жүгіріп өтті

Марат Жыланбаев – Гиннесс рекордтар кітабының марафон жүгіру спорты бойынша 7 мәрте рекордшысы. Ол - әлемдегі төрткүл дүниенің ең үлкен құмды шөлдерін бір өзі жүгіріп өткен марафоншы. Мысалы, ол Қарамқұмнан (1993 жылы 25 ақпан мен 23 наурызда) 1700 шақырымды 24 күнде жүгіріп өткен. Енді Марат ағаларының ізін жалғастырушылар Қазталов ауданының Бостандық ауылынан шықты.

20 қыркүйек күні бостандықтық Еділжан Қосболов пен Мержан Серіков Жалпақтал ауылынан Бостандық ауылы арасындағы 47 шақырым қашықтықты 4 сағатта бағындырды. Таңғы сағат 6-00-де жүгіруді бастаған олар 10-00-де Бостандық ауылына келіп жетті. Осындай марафоншы жігіттерді Бостандық ауылының тұрғындары салтанатты түрде қарсы алды.

Бұның өзі ауданымызда елдің атын шығарар спортшы жастардың көп екенін байқатады. Тек соларға уақытында қолдау болып жатса, болашақта тек марафоннан емес, басқа спорт түрлерінен де рекордшылар табылатыны сөзсіз.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале