22.01.2021, 12:51
Оқылды: 80

48 үй интернет желісіне қосылып, Activ ұялы байланысы орнады

 ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу» туралы №190 Жарлығына сай барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындар алдында есеп береді. Осы орайда Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев аудан орталығынан он сегіз шақырым жерде орналасқан Ұзынкөл ауылында болып, аталған ауылдың әкімі Бекежан Шарафутдиновтың бір жыл бойғы атқарған жұмысын тыңдады.

5F18F644-2739-4AFF-ADAA-91B6A3FA497F

Есептік кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешов, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Миранбек Ибатов және халыққа қызмет көрсету орталығы Жәнібек аудандық бөлімінің басшысы Райгүл Шагирова қатысты. Ауыл әкімінің мәлімдеуінше, ауылға кіре беріс екі шақырым жолы жөнделіп, су каналының 80 пайызы тазаланып, біркелкі жұмыстар атқарылған. Одан бөлек ауылға талшықты оптикалық интернет желісі жеткізіліп, жылдамдығы жоғары интернет желісімен 48 үй қамтамасыз етілген. Сонымен қатар аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Activ ұялы байланыс операторының спутниктік антеннасы орнатылды.

Ауыл әкімінің баяндамасынан кейін жарыссөзге жазылған ауыл тұрғыны Махамбет Нысанбаев кіре берістегі екі шақырымнан бөлек ауылдағы басқа көшелерге де асфальт төселсе құба құп болар еді деді. Сондай-ақ ауыл ішіндегі мал суаратын бөгет тайыздалып кеткен. Сол сияқты ауыл тұрғыны Асылбек Бекетов ауылға келген жас мамандар, мұғалімдер тұрғын үйге қол жеткізсе, ауылда жастар тұрақтар еді деді. Жарыссөзден соң аудан әкімі Азамат Сафималиұлы аудан бойынша нақты істелген жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын істерге тоқталып, қазіргі таңда Ұзынкөл ауылы мен оған қарасты Еңбекші елді мекені тұрғындарының көтеріп отырған басты мәселерді атап өтті. Сонымен қатар ол тұрғындардың қойылған сауалдары мен ұсыныстарына тұшымды жауап берді.

EDDA5FE3-C90A-456E-8D18-1CA45A742643

Кездесу соңында ауыл тұрғындары ауыл, аудан әкімдерінің жыл бойғы атқарған жұмысына оң бағасын берді.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале