29.01.2018, 15:23
Оқылды: 19

483 адамның 218-і ғана әскерге жарамды болды

Зеленов аудандық қорғанысы істер жөніндегі бөлімінде көктемгі әскерге шақыру науқаны жайын талқылаған жиын өтті.

Бөлім басшысы Ғабділжәлел Ниязалиев өткен жылы күзгі әскерге шақыру қорытындысы жайында баяндама жасады. Оның айтуынша, күзде шақырлған 483 азаматтың тек 128-зі әскерге жарамды деп танылса, 237 адам шамалы шектеумен болса да жарамды болып шыққан. 65 жігіт уақытша жарамсыз деп танылса, 47 жігітке бейбіт уақытта әскерге жарамсыз деген анықтама беріліпті. Сондай-ақ 132 жігіт әскери қызметке шақырудан босатылған болса, 6 азамат жарамсыздығы туралы куәлік берілген. Бұдан бөлек, 27 жасқа толып, әскери міндеттілер қатарына 132 азамат қосылған.

Ғабділжәлел Қалдыбайұлы алда келе жатқан 2018 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқанын сапалы өткізу үшін әскер жасындағылардың аудандық және облыстық медициналық коммисияларға келулерін қосымша тексеріп, шақырушыларды мықтап қадағалау керектігіне тоқталды. 17 жасқа келген көп азаматтардың қажетті құжаттары болмайтыны да сөз болды. Бөлім басшылары округ әкімдігінің мамандарына мектеп, колледждермен тығыз жұмыстанып, тікеуге қою ісін ойдағыдай атқару керектігі айтылды.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале