30.09.2016, 18:30
Оқылды: 9

«50 азамат келуі тиіс»

50%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%82         Қазір аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі күзгі әскерге шақыру шаралары аясында жігіттерді
медициналық тексеруден  өткізу  жүргізуде. Осы орайда біз аудандық қорғаныс   істері жөніндегі  бөлім бастығы, майор Ғабділжәлел Ниязалиевпен кездесіп,  тексеріс барысы мен нәтижелер жөнінде тілдескен едік.


– ҚР   Қарулы күштерін  жасақтау - кешенді   іс-шара. Оның барысында медициналық, психологиялық  тексеру  және  басқа  да мәселелер   бойынша  жұмыстар атқарылады. Осыйлайша, жастар  денсаулығы, білімі, тағы басқа   әлеуметтік  жағдайлары    сарапталып,   әскер қатарына алынады. Елімізде  18   бен   27  жас аралығындағы   азаматтар   мерзімді  әскери қызметке баруға   міндеттелген. Әскерге  шақырылу  мерзімін   кейінге қалдыруға  отбасы, білім алу, денсаулық  жағдайларына байланысты құқық беріледі. Ал оны әскерге  шақыру  комиссиясы  жүзеге асырады.

Медициналық тексеріс әлі де  жүріп жатыр. Негізінен күніне тексеріске 50 азамат келуі тиіс. Алайда бұл көрсеткіштің межесіне жете алмай келеміз. Көп дегенде оннан асып жығылады. Өткізілген медициналық тексеріс кезінде денсаулық кінәратынан омыртқа қисықтығы, жүрек пен қантамырлар жүйесінің ауруы, майтабан жиі кездеседі, - деді Ғабділжәлел Қалдыбайұлы.

Д. Тілекқызы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале