2.10.2017, 16:31
Оқылды: 40

Таңат Жексенбаев республикалық байқауда дипломант атанды

Жамбыл облысы әкімдігінің  ұйымдастырумен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қолдау мақсатында ұлы сазгер, күйші Н.Тілендиев атындағы «Кел, еркем, Алатауыңа» атты V республикалық өнер бәйгесі өтті.

Додаға әншілер және күйшілер түсіп, өз аталымдары бойынша бақ сынады. Облысымыздың намысын байқауда аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі, елімізге танымал талант Таңат Жексенбаев қорғады.

ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Саят Медеуов бастаған әділқазылар алқасы ән аталымы бойынша 24 қатысушы арасынан жеңімпазды анықтады. Өнер бәйгесінде Таңат Алпамысұлы екінші айналымға өтіп, байқаудың димломанты  дәрежесіне ие болды. Қазақ ән әлеміне із қалдыруға талпынып жүрген Таңаттай дарынның жетістіктеріне теректіліктер дән риза.

Әділет ОРЫНБАСАР

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале