20.09.2017, 12:24
Оқылды: 30

57 адам қысқа мерзімді курста оқыды

 

Жәнібек колледжінде мамырдан бастап күні бүгінге дейін аудандық  жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде аудан бойынша қажетті мамандықтарға сәйкес қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды. 


Оқу курсы 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен  қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде қолға алынды.

Атап айтқанда, аспаз  мамандығына (оқу мерзімі 1 ай) – 15 адам, ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист-машинист мамандығына (оқу мерзімі 3 ай) – 33 адам, газбен электр дәнекерлеуші мамандығына (оқу мерзімі 3 ай) – 9 адам  тартылды. Қысқа мерзімді курстарға тартылған  57 адамның бәрі де жұмыссыздар болып саналады. Оларға оқуын тәмамдаған соң мамандықтары бойынша куәліктер табыс етілді. Шәкірттерді бұл мамандықтарға М.Аюпова, С.Оспанов, Қ.Ералиев сияқты тәжірибелі оқу-өндіріс шеберлері, сонымен қатар педагогикалық еңбек жолын бастаған жас маман А.Амиров баулуда. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша  автомобиль жүргізуші (оқу мерзімі 5 ай),  ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист-машинист  (оқу мерзімі 3 ай) мамандықтары бойынша 21 адамды оқыту жалғасуда.

                                                                                                                                 Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале