25.04.2018, 18:06
Оқылды: 48

«Адал жол» марафонының эстафетасы Тасқалаға табысталды

IMG_7556Бүгін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ алаңында өткен Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған «Өзіңнен баста!» сыбайлас жемқорлыққа қарсылық акциясына Зеленов жастары қатысып, қоғамдық бастамаға үн қосты.

Шарада ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Болат Исақов сөз алып, акция мақсатына тоқталды.

– Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» аталатын 9-міндетін орындау мақсатында Агенттік 2018 жылға арналған кешенді жоспар белгілеген. Жоспардың «Адал жол-Честный путь» атты марафоны аясында еліміздің барлық өңірлерінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Аталмыш марафон Зеленов ауданынан бастау алса, бүгін Тасқала ауданына табысталмақ. Елдің гүлденуіне кедергі келтіретін кеселмен күрес - әр азаматтың қасиетті борышы. Бастаманы өздеріңдей жастардың қолдай келгені қуантады. Баршаңызды адал қызмет етіп, жемқорлықсыз болашаққа бірге жетуге шақырамын, - деген Болат Әлмұханұлы акцияға үн қосушыларға ризашылығын білдірді.

IMG_7573Одан әрі акцияда «БҚО Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті М.Санкаева, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ студенті А.Ғабдықұл, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының менеджері З.Ықсанова, Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық колледжінің студенті, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ж.Абдуалиев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенті, «Жастар бақылауы» жобасының үйлестірушісі А.Буршековтар сөз алып, жемқорлыққа қарсылықтың ел болашағы үшін маңыздылығын алға тартып, жастарды сыбайластықтан аулақ болуға, санасын азат ұстауға шақырды.

–  Ел дамуына кедергі болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспар бойынша республикалық акция Зеленов ауданынан басталып, мыңдаған аудан жастары шарада белсенділік танытты. Акцияға үлес қосқан жастар өздеріне қажетті мәлімет алып, болашаққа деген көзқарастарын, өз идеяларын ортаға салды. Әр ауылда атқарылған шаралар марафон эстафетасының кітабына жазылды, - деген Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров тасқалалық әріптесі Санжар Әлиевке эстафета кітабын табыстады. Өз кезегінде Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев акция мақсатының тасқалалық жастар арасында кеңінен насихатталатынын жеткізді.

Эстафета Зеленов және Тасқала аудандарынан келген арнайы аутошерумен Тасқалаға аттанып кетті.

Нұржан Дүзбатыр

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале