9.05.2018, 12:53
Оқылды: 24

Зеленов ауданында мереке аталып өтті

DSC_8001Зеленов ауданында Жеңіс күніне арналған салтанатты шара жат жерден топырақ бұйырған боздақтар мен арамызда жоқ батырлар құрметіне ұйымдастырылған «Мәңгі өлмейтін полк» шеруімен басталды. Аудан орталығының басты көшесімен ұрандата өткен «Мәңгі өлмейтін полк» түрлі-түсті жалаушалармен безендірілген орталық саябаққа енген соң, зұлмат соғыста қаза болғандар алдында бас иіп, Отан үшін жанын пида еткендерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

DSC_7894Кейін аудан әкімі Асхат Шахаров сөз алып:   -1418 күн мен түн толарсақтан қан кешіп, өлім мен өмірдің тайталасын көрген тарландардың ерлігіне қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді. Сұрапыл соғыста құрбандар саны фашистік Германиядан әлденеше көп болғанымен, Кеңес Одағы жеңіске жетті. Бұл бабалардың қанымен, ананың көз жасы, табан ақы, маңдай терімен келген жеңіс. Талай боздақ жат жерде жан тапсырды. Қазақстаннан 2 миллионға жуық адам әскер қатарына шақырылса, соның жартысына жуығы майдан даласынан қайтпай қалды.  Бұл біздің ортақ жеңісіміз тек майдан даласындағы солдаттардың ғана емес, тылда аянбай еңбек еткен жандар да жеңіске қол ұшын берді. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын,- деп қуаныш пен қайғы жасы қатар келетін Жеңіс күні мерекесімен көпшілікті құттықтады. Шара барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ғабділжәлел Ниязалиев және жастар атынын Мұратбек Мадремов сөз алып, ардагерлерге жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Кейін аудан әкімі, ардагерлер, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары "Даңқ" ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты жиыннан соң барлық ардагерлер мен тұрғындар сарбаз ас үйінен дәм татып, аудан өнерпаздары дайындаған мерекелік концертті тамашалады. Жеңіс атты жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша. Қатары күн санап сиреп бара жатырған ардагерлер əрқашан құрметке лайық.

 

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале