23.11.2017, 15:54
Оқылды: 26

«Береке» бағдарламасы аясында 60 адамға несие берілді

Шыңғырлау ауданында жыл басынан бері «Береке» бағдарламасы   бойынша 60 жеке тұлға несие алған.

«Береке» бағдарламасының мақсаты - мүйізді  ірі қара және ұсақ  мал басын көбейту, сонымен бірге ет өндіру  жұмысының өнімділігін арттыру.

Біздің  ауданға  аталмыш бағдарлама бойынша 168 млн. 350 мың теңге несиелік қаражат  облыстық  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ  арқылы түскен.

Сонымен қатар осындай несиеге қол жеткізген лубендіктер отбасылық мал бордақылау  алаңдарын ашуға  биылғы жылы да ыждағаттылықпен кірісті де, нақтырақ айтсақ 7 адам (оның ішінде біреуі шаруа қожалық иесі)  жалпы көлемі  16 млн. 900 мың  теңге  несие алып, жұмысқа кірісті. Ал полтавалық  тұрғындардың тек біреуі ғана осы несиеге қол жеткізіп, 1 млн. теңге көлемінде алған несиемен жұмыс істемек.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале