25.07.2018, 10:35
Оқылды: 61

Сырымдық жас футболшылар Семейден жүлделі оралды  

Syrym zhas futbolshylar (4)

Сырым ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары шілде айында Семей қаласында футболдан өткен «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңінен жүлделі ІІ орынмен оралды. Жас футболшыларды Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қабылдады.


 

Syrym zhas futbolshylar (1)- Жеңістеріңіз құтты болсын! Сырым ауданының оқушылар құрамасының республикалық футбол сайысындағы жеңісі аудан тарихында ең бір жарқын естелік болып қалады. Жеңіс еңбекпен келетін бақыт екені белгілі. Еңбектенуден шаршамаңдар! Сендер – қазақ футболының болашағысыңдар!– деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.

Команданың капитаны, жас футболшы Әлихан Ерсайынның айтуынша, сырымдықтар үшін топтық ойындар өте сәтті басталған. Руслан Чукуровтың шәкірттері әуелі Қарағанды қаласының құрамасын 3:0 есебімен жеңіпті. Бұл ойында қос бірдей голмен көзге түскен команданың шабуылшысы Фархад Болаттың есімі әп дегеннен-ақ лиганың сұрмергендерінің қатарында атала бастаған. Syrym zhas futbolshylar (3)Біздің футболшылар келесі ойында қарсылас болған алматылықтар аяқдопшыларға да аяушылық танытпаған. Осы ойындардың арасында Семейдің өз командасымен де жолдастық кездесу өткізіп үлгерген олар финалдық жолдаманы сарапқа салатын жауапты ойында Атыраудың командасынан 1:0 есебімен басым түсіпті. Фархад Болат осы ойында да шешуші голдың авторы атанған. Фархад кейін жалпы лиганың «Үздік ойыншысы» атаныпты. Сырымдықтар финалда Павлодар қаласының құрама командасына есе жіберген.

Syrym zhas futbolshylar (2)Салтанатты қабылдауда болған команданың жетекшілері Ерлан мен Руслан Чукуровқа аудан әкімі Төлеген Төреғалиев ерекше алғыс білдірді. Алдағы уақытта бапкерлердің спорттық нысандарды жөндеу туралы ұсынысы бойынша жұмыстанатынын да айтты. қос жаттықтырушыға және Сырым аудандық оқушылар құрамасының сапындағы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп пен Абай орта мектебінің оқушыларына аудан басшысы тарапынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Syrym zhas futbolshylar

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале