23.08.2018, 11:09
Оқылды: 96

7 күнде жасалған трактор немесе MADE IN KOGERIS

Бұлдырты ауылдық округіне қарасты Көгеріс ауылының тұрғыны, жасы қырықтың үстіндегі Ербол Исинжолов қолдан трактор құрастырған. Тұрқы аздап «УАЗ»-ға ұқсас. Арманындағы көлікті құрастыру туралы ой Ерболды бала кезден мазалаған. Өзіне ұнайтын ойыншықты өзі жасап алып жүрген бала Ербол арманын күндердің бір күнінде жүзеге асыратынына сенімді болған.

Қажетті құрал-жабдықты, қосалқы бөлшектерді жинап, 7 күннің ішінде тракторын құрастырып шығарды. Әуелі, қолдан көліктің қаңқасын құрастырды. Оған «Жигулидің» артқы белтемірін, «мостын» орнатты. Бұл көліктің қозғатқыш моторы болып күнінде шопандар құдықтан су соруға пайдаланған ЗИД моторы бекітілді. Мотор «Жигулидің» қозғалтқыш коробкасына қосылды. Көлік «Жигули» сияқты 5 деңгейлі жылдамдықпен қозғалатын болды. Бірақ, сағатына 60 шақырымды жүру Ерболға керек емес, сондықтан ол көлігіне жаңа шкив тақты. Ерақаң тырнауышты да көлігіне лайықтап өзі жасап алды. Көліктің алдына «Жигулидің», ал артына «ГАЗельдің» дөңгелегін орнатты.

Қазір Көгерісте жасалған трактор шабындықта шөп шауып, шапқан шөпті ауылға тасып, «бұрқыратып» жүр. Тракторына лайықтап шөп тайлағыш жасап алмақ. Шаңсорғыштың моторынан жем жаратын аппарат жасап жүрген Ерболдың миында идея деген жететін сияқты.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG_1228

IMG_1262

IMG_20180821_203608

IMG-20180822-WA0025

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале