21.11.2017, 14:29
Оқылды: 23

77 борышкерге ескерту жасалды

Ақжайық ауданында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Үш күн ішінде әкімшілік құқық бұзғаны үшін бұрын салынған айыппұлдарын төлемеген азаматтардан барлығы 3 618 443 теңгеден 340 158 теңгесі өндіріп алынды. 77 тұрғынның үйіне барып, ескертулер жасалды. 7 әкімшілік хаттама бойынша барлығы 51055 теңгеге мәжбүрлеп өндірту үшін құжаттар жинақталды.

– Жоғарыда көрсетілген өндіріп алынған қаржының 147 415 теңгесі жол қауіпсіздігі желісі бойынша өндірсе, ал 165 514 теңгені жергілікті полиция қызметкерлері өндірді. Айыппұлды уақытында төлеген абзал,-дейді Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры Нұржан Ташенов.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале