10.04.2017, 17:42
Оқылды: 60

81 жасында алғашқы зейнетақысын алды

Bokei 86 jas   1936 жылы 16 наурызда Бөкейордасы ауданында дүниеге келген, ауданымыздағы Алғабас ауылының тұрғыны Мәдина Шүкірғалиеваның 80 жасқа келгенше бір себептермен құжатсыз жүргені анықталып, бұл мәселе былтыр жыл аяғына таман аудан прокуратурасының ықпалымен шешілген еді. Бұл туралы баспасөзде хабарланды.


     Сөйтіп, кейуана 2016 жылдың қарашасында алдымен туу туралы куәлікке ие болды. Араға уақыт салып, биылғы қаңтарда жеке куәлігін қолына ұстады. Міне, 81 жасқа толған оның жақында алғашқы зейнетақысын пошта қызметкері үйіне апарып берді. Алғашқы зейнетақысы болғандықтан әрі қарияның хал-жағдайын білейін деп оның үйіне бас сұққан округ әкімі Темірболат Есенғалиев осы жақсылыққа куә болды. Зейнетақыға тыл ардагері ретінде де үстемақы қосылған. Ал Алғабас ауылындағы еткен еңбек өтілі саналып, мамыр айынан бастап зейнетақысы өсе түспек.

Құрмет ҚАДІР

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале