5.10.2016, 11:40
Оқылды: 21

9 айдың қорытындысы сарапталды

img_9620Жәнібек аудандық сотында брифинг өткізіліп, онда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша биылғы 9 айдың қорытындысы сарапталды. Брифингте аудандық соттың төрағасы Айвар Бижанов өткен жылы қылмыстық істер бойынша 21 іс қаралса, биыл осы мерзім ішінде де олардың саны дәл осындай болғанын атап өтті. Ал азаматтық істер бойынша былтыр 151 іс, биыл есепті мерзімде 127 іс қаралған. Олардың ішінде, әсіресе,  ажырасу істері жиі болып отыр. Сондай-ақ, әкімшілік істері бойынша өткен жылы 213 іс қаралса, биылғы есепті уақытта 230 іс қаралған.

Аудандық сотта өткен брифингке аудандық соттың судьясы Нұрмұханбет Жұмәлі және аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Берік Басырбаев қатысты.

                                                                             Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале