15.02.2017, 17:44
Оқылды: 50

9 автокөлік жолда тұрып қалды

Бүгін Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елдімекені тұсында 9 автокөлік 36 жолаушысымен қарға батып қалды.

– Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, аудандық әкімі аппаратының бас инспекторы, № 6 жедел құтқару жасағы құрамы «УАЗ» автокөлігімен және аудан орталығындағы «Жайықтехсервис» кәсіпорнының «МТЗ-82» тракторымен жолда қалғандарға көмекке барып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын алуда,- дейді Ақжайық ауданы ТЖБ басшысы Темірхан Кажғалиев.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале