3.01.2018, 11:47
Оқылды: 105

90 жастағы ананы құттықтады

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев 90 жасқа толған Жымпиты ауылының тұрғыны Гүлзада Хансұлтанованы шаңырағына барып құттықтады.

Гүлзада Хансұлтанова 1928 жылы ауданға қарасты Көздіғара елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын бұрынғы Маркс ауылдық советіндегі (қазіргі Жосалы ауылдық округі) бастауыш мектепте мұғалім болып бастаған. Кейінгі жылдары зейнет жасына шыққанға дейін Жымпиты аудандық партия комитетінде кадр бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Көп балалы ана.

Аудан басшысы Төлеген Төреғалиев Гүлзада әжеміздің еңбек адамы ретінде елде құрметті орны бар екенін айтты. Кейін арнайы құттықтау хатын тапсырып, мерейлі жас иесіне қамзол жапты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале