20.12.2016, 16:49
Оқылды: 23

Ақсайда партия белсенділері марапатталды

azamattik_belsendiligi_ushin«Железнодорожный №7» БПҰ ұйымдастыруымен Ақсай қаласында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мереке Ізтілеуовтің төрағалығымен жиын өтті.


Шарада Мереке Нұрланұлы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруға атсалысып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін орындауға қатысқаны және азаматтық белсенділігі үшін «Нұр Отан» партиясы атынан Марат Ерғалиевке, Болат Сарсеновке, Алмаз Тасановқа, Ольга Басимоваға және Абдул Рахметовке «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағысының бірінші орынбасары С.Сүлейменнің алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңінде белсенділік танытқаны үшін «Аксайская №14» бастауыш партия ұйымын «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлейменнің дипломымен марапаттады.

Бұдан басқа  Мереке Нұрланұлы өз атынан Айнұр Еділбаеваға, Айгүл Мусабаеваға, Нарбота Алпысбаеваға, Майра Сүйіндіковаға алғыс хат,  бірнеше адамға партия билеттерін табыс етті.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале