21.07.2020, 9:46
Оқылды: 44

Абайға асфальт төселеді

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Жәнібек ауданы орталығындағы Абай атындағы көшеде күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр.
66040C34-8D1C-4DC4-95CF-2F567F815B5A

- Мердігер «ҚоңырСервисБҚО» ЖШС, тапсырыс беруші аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Қазіргі таңда мердігер жолдың топырағын көтеріп, қиыршық тас салып болып қалды. Бұйырса, алдағы уақытта енді жолдың үстіне асфальт төсеуге дайындық басталады,- деді аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов.  

0D3DCDC8-C375-41E5-BFF6-C950DD549094

Партиялық бақылау аясында аудан әкімінің орынбасары мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары мердігерге жұмысты жобаға сәйкес сапалы бітіру қажеттігін ескертті.

 Г. Төреғалиева,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале