23.01.2019, 10:29
Оқылды: 39

Абердин-ангустар Талдыбұлақта «тұрып жатыр»

Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округіндегі «Атансай» шаруа қожалығы 1997 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады.

 syrym angus (2)

         Қожалықтың жетекшісі Кәкімғали Телегенов төрт түліктің санын арттыруға ғана емес, тұқымын асылдандырып, сапасын көтеруге де әуелден көңіл бөліп келеді. Сиырлардың сүтті сименталь, етті герефорд тұқымдарын, қазақтың ақбас сиырын да өсіруден тәжірибесі бар «Атансай» шаруа қожалығы былтыр Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан 48 бас абердин-ангус тұқымды ірі қара сатып алды.

         Абердин-ангус тұқымы біріншіден біздің жақтың ауа-райына өте төзімді. Екіншіден, бұл – етті тұқым. Алдағы уақытта осы қашарлардан төл алғым келеді,- дейді Кәкімғали Телегенов.

         Кәкімғали Телегеновтың шаруашылығында өзіміздің жабылармен бірге башқұрт жылқылары да бағылуда. Айта кетейік, «Атансай»шаруа қожалығы - мал шаруашылығы саласында GPS трекерді қолданатын бірегей шаруашылықтың бірі. Бұл технология арқылы иесі жылқыларының жүрген жерін оңай анықтай алады.

syrym angus (1)

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале