7.02.2018, 15:15
Оқылды: 32

Адал азаматқа құрмет көрсетілді

Тасқала ауданындағы есептік кездесуде облыс әкімі Алтай Көлгінов аудандық №13 өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқаратын Аманбай Нажмиддиновке алғыс хат табыстады.

- Өздеріңіз білесіздер, жақында Тасқала ауданы  Төтенше жағдайлар бөлімінде қызмет атқаратын Аманбай  Нажмиддинов ауыл тұрғыны түсіріп алған бір миллион теңгені кездейсоқ тауып  алып, ақшаны иесіне қайтарып береді. Бұл мақтанарлық жағдай. Өз елінің патриоты деген осындай болу керек. Біз  оны мақтан тұтамыз. Өз атымнан, облыс халқы атынан алғыс айтқым келеді. Бұл - үлкен тәрбие. Қоғамымызда патритотизмнің дамығанын көрсетеді, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, 16 желтоқсан күні Аманбай кешкі сағат 9-да үйден шығып, Тасқала ауданының шетінде тұратын туысқандарына бармақшы болады. Барар жол Сапаров көшесімен өтеді, бұл жерде аудандық мешіт орналасқан. Дәл осы мешіттің қасынан Аманбай әмиян тауып алады.
- Қасынан өте бергенімде, әмиян жатқанын байқап қалдым. Жерден көтеріп, иесінің байланыс мәліметтерін іздей бастадым. Байқағанымдай онда ірі көлемде ақша, жеке куәлік, шет елдік паспорт пен басқа заттар бар. Содан соң қалтама салдым да, туыстарыма жол тарттым, онда болған жайтты айтып, иесін танитын-танымайтындарын сұрадым. Кейін әмияннан иесінің телефон нөмірін тауып алдым. Келесі күні әмиянын алып, маған алғысын білдіріп кетті, - дейді А.Нажмиддинов.

Кейін анықталғандай, әмиян иегері Ильяс Сариев болып шықты. Ол Таскала ауданының тумасы екен. Ресей Федерациясының Тобольск қаласында қызметте. Аманбайдың сөзінше, әмиянда тек Ильястың ақшасы емес, өз отбасынан жырақта жүріп, напақасын тауып жүрген бірнеше адамның жалақысы да болған екен.

Н.ЖӘРДЕМОВА,

Тасқала ауданы

Сурет: Айбатыр Нұраш

WhatsApp Image 2018-02-07 at 13.16.16 WhatsApp Image 2018-02-07 at 13.16.17

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале